NASA ғарыштағы жаңа жылдық шыршаны көрсетті


Фото: nasa.gov

NASA «Спитцер» телескопына түсірілген «Жаңа жылдық шырша» депаталатын суретті жариялады. Бұл туралы ұйымның сайты хабарлады.

Суреттен жұлдыздардан түзілген пішінді көре аласыз. Ғалымдардың оны«Қар ұшқыны» деп атағаны атап өтілді.

Суреттегі жұлдыздардың жаңа туған жұлдыздар екені анықталды. Болжамбойынша, олар шамамен 100 мың жылдан кейін шашырап кетеді, бұл «Қарұшқынының» ыдырауына әкеледі.