Қара құрдымдардың бірігуі сирек құбылыс тудырды


фото Reuters

Калифорния технологиялық институтының ғалымдары тарихта алғаш рет қара құрдымдардың бір-бірімен бірігуі нәтижесінде пайда болған сирек жарықты тіркеді.

Бұл құбылыстың ерекшелігі – қара құрдымдар, әдетте, жарық шығармайды, бірақ кей жағдайларда олар бір-бірімен соқтығысқанда бұл ереже бұзылуы мүмкін. Бұл жөнінде ғылыми ұйымның пресс-релизінде айтылды.

Соқтығысқан екі қара құрдым диск ішінде, үлкенірек және аса ауыр қара құрдымның  айналасында айналды. Шағын қара құрдымдар соқтығысқанда ірі құрдым импульс алады, осы әсерден ол кездейсоқ бағытта жылжиды, нәтижесінде ол дискідегі газбен соқтығысады және жарық жарқылы пайда болады.