Ақша болса, жұмыс та болады


фото Пресс-служба акимата

2020 жылы Алматы облысында 46 116 жаңа жұмыс орнын құру жоспарланып отыр. Іс жүзінде  2020 жылдың 1 шілдесінде жаңа кәсіпорындардың ашылуы және шағын бизнестің дамуына байланысты 28 645 жұмыс орны, оның ішінде 11 092 тұрақты жұмыс орны құрылды, деп хабарлайды Алматы облысы әкімінің баспасөз қызметі.

Облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының мәліметі бойынша, 2020 жылы нәтижелі жұмыспен қамтудың және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған бағдарламасын іске асыруға 18,2 млрд. теңге бөлінді.

Бүгінгі күні ауылда 857,6 млн.теңге сомасында 210 шағын несие берілді (жоспар: 4552,1 млн.теңге сомасында 1080 адамға), 2019 жылдың қаражаты есебінен қалаларда 9 адамға 97,5 млн.теңге көлемінде шағын несие берілді.

«Бастау Бизнес» жобасына сәйкес 2900 адамды кәсіпкерлік негіздеріне оқыту жоспарланған, бүгінгі таңда 1217 адам жіберілді.

1645 адамға жаңа бизнес-идеяларды дамытуға жалпы сомасы 804,3 млн. теңге мемлекеттік гранттар беру жоспарлануда. Бүгінгі таңда 247,4 млн.теңге сомасына 462 грант берілді.