Бұрынғы қарағандылық, қазіргі Ялта қаласының мэрі көше жууды ұят санамайды


фото ВКонтакте

Ялта қаласының мэрі Иван Имгрунт аула сыпырушының киімін киіп, қаладағы жағалауды  тазартуға қатысты. Бұл туралы қала басшысы «ВКонтакте» әлеуметтік желісіндегі парақшасында хабарлады.

Әдеттен тыс сенбілікке қала әкімінің әріптестері де қатысты. Аула сыпырушылардың униформасын киіп, сыпырғыштармен қаруланып, олар қала түрғындары серуендейтін басты көшені био-сусабынмен жуып шықты. Имгрунт аула сыпырушылардың жұмыс формасы «ыңғайлы» екенін, сонымен қатар жеңіл және қозғалысқа кедергі келтірмейтінін атап өтті. Сонымен қатар, ол «мінсіз тазалық болу үшін көшелерді қолмен жуған дұрыс» деп атап өтті. Машиналардың бұл міндетті орындауға әрдайым шамасы жете бермейтіндіктен, әкім аула тазалаушылар құрамын кеңейтуге уәде берді.

Иван Имгрунт 1961 жылы 28 мамырда Қарағандыда дүниеге келген. 2019 жылдың 4 қазанында ол Ялта қаласы басшысының міндетін атқарушы болып тағайындалды, ал 1 қарашада жергілікті депутаттар оны қалалық әкімшіліктің басшысы етіп сайлады.