Бұрын Гүлнар Каримованың иелігінде болған Ташкент маңындағы алпауыт қожалық сатылымға дайындалуда


фото АР

Ташкент облысының Бостанлык ауданында бұрын Өзбекстанның тұңғыш президентінің қызы Гүлнара Каримоваға тиесілі болған «Сиджак» демалыс аймағы сатылымға дайындалуда, деп хабарлайды жергілікті БАҚ Мемлекеттік активтерді басқару агенттігіне сілтеме жасап.

Агенттік мәліметтері бойынша, «Сарбог» махалласындағы азаматтар жиынында орналасқан аймақ ашықтық қағидаты негізінде жария аукционда сатылатын болады.

Ғимараттар мен құрылыстарды қосқанда кешеннің жалпы жер көлемі 5,38 га құрайды. Қазіргі уақытта жекешелендіру бойынша ұйымдастыру жұмыстары жүргізілуде.

Демалыс аймағында 730 шаршы метр қонақүйлер, ауданы 855 шаршы метр спорт алаңы, 335 шаршы метр жалпы ғимарат, шамамен 250 шаршы метр үш бассейн, екі субұрқақ, коттедж, амфитеатр, су мұнарасы және басқа да құрылыстар бар.