«Мемлекеттік қызмет туралы айтамын» арнайы жобасы


Жуырда біз мемлекеттік қызметшінің ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігі өткізген байқауда жүлдеге ие болған «Елге кызмет ету – мінезден» тақырыбындағы эссесін жарияладық. 

Жүректен шыққан жақсы, шынайы және сонымен бірге ақпараттық мақала  еліміздің мемлекеттік қызметшілерінің өздеріне мемлекет ұсынған жоғары дәрежеге бей-жай қарамайтынын көрсетті. Сонымен бірге, Қазақстанда мемлекеттік қызметші мен мемлекеттік қызмет қандай болуы керек деген ойға жетеледі. 

Біздің ойымызша, мұндай материалдар маңызды және қажет, оларды көбірек және жиі жариялап тұру керек. Республикамыздың медиа-кеңістігін талдағаннан кейін, біз бұл мәселенің өзектілігіне қарамастан, мемлекеттік қызметшілерде бұған әрқашан мүмкіндік бола бермейді деген қорытындыға келдік. 

Бұның бірқатар себептері бар: 

•мемлекеттік қызмет туралы ерекше материалды жариялауға барлық бұқаралық ақпарат құралдары дайын емес; 

•тақырып белгілі бір БАҚ аудиториясы үшін қызықты болмауы мүмкін; 

• мақалалар айтарлықтай жоғары төлем үшін ғана жариялануы мүмкін.

Сондықтан біз мемлекеттік қызметтің барлық бағыттары мен салаларында еңбек етіп жүрген адамдардың пікірлерін, көңіл-күйлерін, көзқарастарын қамтитын «Мемлекеттік қызмет туралы айтамын» арнайы жобасын жасап, оны жүзеге асыруды ұйғардық. Сондай-ақ, оларға «Госслужба.kz» www.gossluzhba.kz (www.госслужба.kz) ақпараттық агенттігі сайтының парақтарында ой бөлісуге мүмкіндік бермекпіз. 

Осы тақырыптың маңыздылығын түсіне отырып, мамандардың (корректор, аудармашы және редактор және т.б.) материалды өңдеу мен жариялау жөніндегі жұмысына ғана ішінара төлеу үшін «арнайы жоба» деп белгіленген материалды жариялау құны төмен болады. Қалған шығындарды «Госслужба.kz» ақпараттық агенттігінің редакциясы өз мойнына алады.

Қосымша қызмет:

Жарияланымды растау үшін сіз электронды «Сертификат» (pdf., png., jpg форматындағы) ала аласыз, оның құны жарияланым құнына кіреді. Құжаттың жоғары сапасы және жоғары ажыратымдылығы атаулы Сертификатты кез-келген түсті принтерде басып шығаруға мүмкіндік береді.

Негізінен, жарияланымның БАҚ-та жариялану дерегін растау үшін авторға оны сұраған орынға ұсыну жеткілікті. Электрондық БАҚ-тағы жарияланым да оның қағазға басылған нұсқасын ұсынуды қажет етеді. Сертификаттың болуы – бұл мемлекеттік қызметшінің мақаласының жариялану дерегін көпшілікке хабарлау ғана емес, сонымен қатар бұл құжат оның тұрақты жұмысында да қажет. 

Мемлекеттік қызметшілерге жарияланым туралы Сертификат не үшін қажет: 

• Мақаланың немесе басқа материалдың бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланғанын жазбаша нысанда растау үшін; 

• Бұқаралық ақпарат құралдарында мақала жариялау талабын орындау үшін, сондай-ақ атқаратын лауазымы бойынша белгілі бір біліктілік санатын аттестациялауға арналған материалдар пакетіндегі құжат ретінде.

• Жеке басының жетістіктері, жарияланған  мәселелер саласындағы білім деңгейі және шығармашылық мүмкіндіктері және ықтимал ынталандыру  (сыйлықтар, марапаттар) тұрғысынан мемлекеттік қызметшінің мінездемесін құру үшін.  

• Басқа бұқаралық ақпарат құралдарында ол қайталанған немесе ішінара көшірілген жағдайда, жарияланған материалдың авторын анықтау.

Сертификатта автордың тегі, аты, әкесінің аты, жарияланымның тақырыбы және жарияланымға тікелей сілтеме көрсетіледі.

Қазақстанның интернет кеңістігінде бұрын-соңды болмаған бірегей жоба, ҚР-ның көптеген мемлекеттік қызметшілерінің пікірлерін ескере отырып, Қазақстанның мемлекеттік қызметінің әртүрлі және маңызды мәселелерін талқылауға, оларға баға беруге және еліміздің мемлекеттік қызмет жағдайын жақсартуға бағытталған ұсыныстар беруге мүмкіндік береді.

Тақырып үлгілері: 

Автордың қалауы бойынша тақырып өзгертілуі, қайта құрылуы, мүлде басқа болуы және әртүрлі мазмұнда ашылуы мүмкін. Тақырыпты таңдау және материал дайындау кезінде талап етілетін жалғыз нәрсе – автордың мемлекеттік қызметке көзқарасы (ол мемлекеттік қызметші болуы керек).

1. Мемлекеттік және жеке секторда жұмыс істеудің жағымды және жағымсыз жақтары.
2. Мемлекеттік қызметші халықты қалай қабылдауы керек?
3. Қазіргі мемлекеттік қызметші қандай болуы керек?
4. Мемлекеттік қызметшілердің жұмысын жақсартуға не көмектеседі?5. Сіз өз біліктілігіңізді қайда және қалай көтергіңіз келеді?
6. Өздігінен білім алу керек пе және мемлекеттік қызметші өздігінен қандай білім алуы керек?
7. Ұжымдағы психологиялық ахуал, ол қандай болу керек?
8. Мемлекеттік қызметшінің жеке қасиеттері (кәсібилік, адалдық және т.б.)
9. Мемлекеттік қызметшілердің кәсібилігін арттыру үшін не істеу керек?
10. Мемлекеттік қызметті жақсарту жөніндегі ұсыныстар.
11. Бүгінгі таңда ҚР-ның мемлекеттік қызметі туралы заңнамаға қандай өзгертулер, толықтырулар, ұсыныстар енгізілуі керек?
12. Мемлекеттік қызметшінің қызметіндегі өнердің рөлі.
13. Мемлекеттік қызметшінің қызметіндегі спорт.
14. Мемлекеттік қызметшінің жұмысындағы жауапкершілік.
15. Мемлекеттік қызметшінің жұмысындағы патриотизм.
16. Мемлекеттік қызметшінің жұмысындағы мәдениет.
17.Менің әріптестерім, олар қандай?

«Мемлекеттік қызмет туралы айтамын» арнайы жобасына қатысу шарттары

Қатысу кезеңі: 2020 жылдың 1 ақпанынан 15 қарашасына дейін.

Мақсатты аудитория: ҚР-ның мемлекеттік қызметшілері.

Қатысушылар: ҚР мемлекеттік органдарының қызметкерлері. (Тегі, аты, әкесінің аты, жұмыс орны, қызметі, телефоны, электрондық мекен-жайы, фотосы – қалауы бойынша).

Ақпаратты (мақалалар, сұхбаттар, пікірлер) орналастыруға арналған платформа: «Госслужба.kz» ақпараттық агенттігі. Интернеттегі мекен-жай: www.gossluzhba.kz (www.госслужба.kz).

Жарияланым көлемі: бос орынсыз 4000-4500 таңбадан аспауы керек.

Жариялау құны: Арнайы жобаның қатысушылары үшін 92% жеңілдік ескерілгенде, жалпы құны 16000 (он алты мың) теңгені құрайды.

Жарияланым тілдері: қазақ, орыс.

Орналастыру мерзімі: авторақы төлеген және соңғы нұсқаны бекіткен сәттен бастап  3 күннен аспауы керек.

Орналастыру кезеңіне мыналар кіреді: редакцияның жариялау туралы шешім қабылдауы, мәтінді аудару (қазақ, орыс), мәтіннің соңғы нұсқасына  автордан мақұлдау алу, жариялау үшін төлем алу, материалды сайтта жариялау, сайтта жарияланған жарияланымның авторына сілтеме жіберу, автордың электронды мекен-жайына электронды Сертификат жолдау.  

Жарияланым тақырыбы: мемлекеттік қызметтің барлық аспектілері, оның ішінде мемлекеттік лауазымға қабылдау, ауыстыру, қызметінен босату, ұжымдағы ахуал, персоналды басқару, өз жұмыс учаскесіне жауапкершілік мәселелері, тұрғындармен қарым-қатынас, мемлекеттік қызметті жетілдіруге арналған ұсыныстар және т.б.

Нәтижелері: «Мемлекеттік қызмет туралы айтамын» арнайы жобасын іске асырғаннан кейін «Госслужба.кz» ақпараттық агенттігінің редакторлары қорытынды шығарып, оны сайтта жариялайды. Онда мемлекеттік қызметшілердің жобаға қатысу нәтижелері, соның ішінде: жарияланымдардың тақырыптары, көтерілген маңызды мәселелер, мемлекеттік қызметтің жағдайын жақсартуға бағытталған ұсыныстар мен нұсқаулар, басқа да позициялар қамтылады. Есеп жарияланғаннан кейін онымен сайтта: «Мемлекеттік қызмет туралы айтамын» арнайы жобасы бөлімінде танысуға болады.

Өз жұмысыңызды, пікірлеріңізді, сұрақтарыңыз бен ұсыныстарыңызды е-mail: press@gossluzhba.kz электронды поштасына «Мемлекеттік қызмет туралы айтамын» АРНАЙЫ ЖОБАСЫ деген белгімен жолдаңыз. 

Телефон: +7 (727) 255-86-88 

Төлеуге арналған банк реквизиттері

«Мемлекеттік қызмет – Государственная служба» баспасы ЖШС Алматы қ, Желтоксан к. 177а
БИН  140 340 024 838
ИИК KZ 7884901 KZ 0005 70312
БИК NURSKZKX
«Нұрбанк» АҚ Алматы қ.
Кбе 17

Жобаны іске асыру:

1. Адресаттарға ақпаратты – ұсыныстарды дайындау.

2. Ақпарат-ұсынысты қолда бар электронды мекен-жайларға тарату.

3. Арнайы жоба туралы ақпаратты сайтта жариялау.

4. Жолданған мақалаларды сайтта жариялау.

5. Қорытындылау.

6. Есепті жариялау.

Өмірлік ісіңізге лайықты құрмет көрсетіңіз және мемлекеттік қызметтің сарапшысы рөлін алыңыз! Мемлекеттік қызметкерлерден басқа ешкім оған әділ баға бере алмайды – шын жүректен мақтап, жіберілген қателіктер туралы қамқорлықпен айта алмайды!