Коронавирус салдарынан АҚШ базаның атқылануына кері соққы беруден бас тартты


Фото: АР

АҚШ президенті Дональд Трамп жаңа коронавирустың таралуына байланысты АҚШ әскерилерінің қазасына соқтырған Ирак әскери базасын атқылауға қарқынды жауап беруден бас тарту туралы шешім қабылдады. Бұл туралы NBC телеарнасы хабарлады.

АҚШ пен Ұлыбритания әскерлері орналасқан Әт-Таджи базасы 11 наурызда атқыланды. Шабуыл кезінде екі американдық пен британдық қаза тапты, 14 адам жарақат алды. Америка Құрама Штаттары әкімшілігі оқиғаға шиіттер тобы «Катаиб Хезболлах» пен Иран билігін айыптады. Өз кезегінде, 12 наурыз күні АҚШ әскери-әуе күштері Ирактағы «Катаиб-Хезболлах» бес қоймасын атқылады.

Ресми ақпарат көздері АҚШ әкімшілігі анағұрлым табанды тойтарыс беруді  қарастыруда деген болатын. Сонымен бірге, Трамп коронавирустың таралуына байланысты бұл «дұрыс қадам болмағандықтан», «агрессивті жауаптан» бас тартты. Жоғарыда айтылғандай, Ақ үй басшысы Иранға мықты соққы берген жағдайда, Иранның инфекциямен күресте тап болған қиындықтарын ескере отырып, «АҚШ-тың бұл қадамы дұрыс болмайды» деп алаңдауда.

Соңғы мәліметтерге сәйкес, Иранда коронавирустық инфекциялардың саны 18 407-ге жетіп, 1284 адам өлді, деп хабарлайды mk.ru