Пара алғаны үшін сотталды


Фото: freepik.com

Солтүстік Қазақстан облысының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі  «Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы» басшысының орынбасары  Ғ.Х. Тасболатовқа қатысты сотқа дейінгі тергеуді аяқтады.

Ол ЖШС директорынан СҚО Ақжар ауданының автокөлік жолдарын қарау және қызмет көрсету бойынша мемлекеттік сатып алу конкурсын жеңіп алуға қолдау жасағаны үшін 200 мың теңге сомасында пара бопсалады деген күдікке ілінген.

12 ақпанда Петропавл қаласы сотының үкімімен Тасболатов   4 млн. 500 мың теңге көлеміндегі айыппұлға және өмір бойы мемлекеттік қызметте лауазым атқару құқығынан айырумен сотталды.