Өзбекстан мектептері коронавируспен диктанттар көмегімен күреспек


Фото: tj.sputniknews.ru

Өзбекстан мектептерінде коронавирустың алдын-алу шарасы ретінде осы аптада балаларға қолды жиі жуып, басқа да сақтық шараларын сақтауды ескерту мақсатында диктанттар өткізілуде, деп хабарлады «Новости» ақпараттық агенттігіне республиканың Халықтық білім министрлігінің баспасөз қызметі.

«Осы аптада Ташкент пен Өзбекстанның басқа қалаларындағы мектептерде жаңа коронавирустық инфекцияның алдын-алу тақырыбында диктант өткізілуде», – деді министрлік өкілі.

Диктант мәтінінде вирустың берілу жолдары және аурудан қорғану үшін қандай шаралар қолдану керектігі туралы айтылады. «Диктант арқылы біз балалардың қолдарын үнемі сабынмен жуып, жеке гигиена ережелерін сақтау керектігін есте ұстағанын қалаймыз», – деп толықтырды баспасөз қызметі.