Румынияда су тасқынынан 90-нан астам елді мекен зардап шекті


фото АР

Румынияда 19 аудандағы 90-нан астам елді мекен қатты су тасқынынан зардап шекті. Румынияның Hotnews порталының хабарлауынша, кем дегенде бір адам қаза тапты.

Елдегі құтқару қызметтерінің хабарлауынша, жүздеген үй су астында қалды, кейбір аймақтарда тұрғындарды эвакуациялауға тура келді.

Су тасқыны салдарынан жалпыұлттық маңызы бар бірнеше жолдар жабылды. Альба ауданындағы теміржолды су басқандықтан бес пойыз тоқтап қалды.