Германияда вирус жұқтырғандар саны күрт өсті


фото: АР

Германияда коронавирус жұқтырған адамдар саны бір күн ішінде 36 пайызға өсті. Бұл туралы Focus online жазды.

Қазіргі уақытта Германияда коронавирус инфекциясын 12 мыңнан астам адамның жұқтырғаны атап өтілді. Сонымен, Солтүстік Рейн-Вестфалия өңірінде 4,2 мың жұқтыру жағдайы, Баден-Вюртембергте – 2,1 мың, Баварияда – 1,7 мың, Берлинде – 519 жағдай тіркелді.

Германияда 30-дан астам адам вирустың құрбаны болды.